16 Сәу 2021
Ата-аналарға

Жалпы ата-аналар жиналысы 30. 11. 17 жыл

«Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшада және үйде танымдық – зерттеушілік қызметін дамыту»

жалпы ата-аналар жиналысы

Ата – аналардың балаларының танымдық белсенділігін дамытуға, білуге құмарлығының артуына, ойлау және өз бетінше танып білуіне жағдай жасау мақсатында «Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшада және үйде танымдық – зерттеушілік қызметін дамыту» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға  «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасындағы танымдық – зерттеу қызметі» авторлық бағдарламасы таныстырылды. Тәрбиешілер және мамандар түрлі тақырыптарда дайындаған зерттеу жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар, «Балалардың танымдық –зерттеу қабілеттерін дамыту туралы» ата-аналарға жүргізілген сауалнаманың қорытынды анықтамасы оқылды.

Ата-аналардың пікірін білу және отбасылық қолдауға ие болу мақсатында «Балалардың экспериментке деген қызығушылығын сақтау үшін не істеуге болмайды және не істеуге болады»  және «Үй жағдайындағы тәжірибелер» тақырыбында  ұсыныстар әзірленді, кеңестер өткізілді. Ата-аналар  пәндік-дамытушы  ортаны құруда  белсенді көмектесті. Балалармен бірге сумен, ауамен, құммен тәжірибе жүргізіп, үй тапсырмаларын орындады. 

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар