22 Қаң 2021
Страницы KZ «Бөбек» бөбекжайы

Біз туралы

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Бөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2011 жылы 9  қыркүйекте ашылды.

Бөбекжай мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы,  Жеңіс көшесі, 12 үй.

Жобалық қуаттылығы 105 орын, жас ерекшеліктеріне қарай 7 топ жасақталған. Балабақшада тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Бөбекжайда: түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, психолог кабинеті, музыка мен хореография залы, дене шынықтыру залы бар. Кабинеттер қажетті әдістемелік және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Бөбекжайдың негізгі бағыты баланың жеке тұлға ретінде дамуына және даму ортасына денсаулығының психофизикалық деңгейіне тиімді жағдай туғызу, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану. Бүгінгі таңда бөбекжайда 109 бала тәрбиеленуде.

2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруда бөбекжай Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, Әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды.

Педагогикалық ұжымда 25 педагог мамандар жұмыс істейді. Меңгеруші – 1, әдіскер – 1, педагог-психолог – 1, музыка жетекшісі -1, дене шынықтыру нұсқаушысы - 1, бейнелеу өнерінің мұғалімі - 1, орыс тілінің мұғалімі – 1, ағылшын тілінің мұғалімі-1, дефектолог мұғалім -1, логопед -1, психолог-1. Тәрбиешілер -14 адам.

Жоғары санатты - 1, І санатты – 7, сарапшы -1, ІІ санатты – 11, санаты жоқ 5  педагог жұмыс істейді.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар