«Балалар тәжірибесі - танымдық зерттеу қызметінің жетекші әдісі» аудандық семинар
2018 жылдың сәуір айында бөбекжайда «Балалар тәжірибесі - танымдық зерттеу қызметінің жетекші әдісі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында бөбекжай педагогтары іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Кішкентай зерттеушілер» тақырыбында І кіші тобымен ұйымдастырылған оқу қызметін тәрбиешілер З.Е.Жексенбаева, Ж.Р.Джумашова көрсетті. «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында ІІ кіші тобымен ұйымдастырылған оқу қызметін тәрбиешілер Б.С.Машикова, А.Е.Жайлыгулова өткізді. «Джунглидегі маймыл Йога» тақырыбында ортаңғы топпен ұйымдастырылған оқу қызметін дене шынықтыру нұсқаушысы М.С.Татыгулова мен би жетекшісі Р.Г.Масалимова көрсетті.
«Секреты газированного напитка Coca-cola» тақырыбында «Кішкентай зерттеушілер» үйірмесінің балаларымен орыс тілі мұғалімі Б.Т.Иргалиева тәжірибесімен бөлісті. «Эксперимент әдіс-тәсілі арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында тәрбиешілер А.А.Давлетова, А.Т.Кенжалиева педагогтармен шебер сынып өткізді. «Су – табиғат ғажабы» тақырыбында педагог-психолог Э.А.Иса, бейнелеу өнерінің жетекшісі С.Б.Ғаппаров педагогтармен өз тәжірибелерімен бөлісті. «Адамның көз жасы қалай пайда болады?» тақырыбындағы жоба аясында түзету және инклюзивті білім беру кабинетінің мамандары Ф.Х.Ибатова, Н.Г.Кожимбетова, Қ.А.Құрмаш ерекше білімді қажет ететін балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыстанды. «Мектеп жасына дейінгі балалардың үй жағдайында танымдық зерттеушілік қызметін дамыту» тақырыбында тәрбиешілеріміз Б.Б.Рушанова, М.А.Зекенова ата-аналарға арналған үй жағдайында жасауға болатын зерттеу жұмыстарын көрсетті.