«Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалдық дамуына зерттеу қызметінің әсері»
бөбекжайішілік семинар
Педагогтердің шығармашылық белсенділіктерін көтеру, педагогикалық іс-тәжірибелерін анықтау мақсатында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалдық дамуына зерттеу қызметінің әсері» тақырыбында бөбекжайішілік семинар өткізілді. Семинарда топ тәрбиешілерінің «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасындағы танымдық –зерттеу қызметі бойынша бір жылдық есебі тыңдалды. Орыс тілі мұғалімі Б.Т.Иргалиева «Исследовательская деятельность как средство успешного развития любознательности детей» тақырыбында педагогтарға шебер- сыныбын көрсетіп, педагогтармен тәжірибесімен бөлісті.